қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.03.2023

Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауы


2023 жылдың 16 наурызында «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттері арасында өткізілген VII Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауының қорытындысы жасалды. Байқаудың мақсаты - болашақ мамандардың өз педагогикалық мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, мамандық беделін көтеру; білім алушылардың шығармашылық жеке қабілеттерінің дамуына қолайлы жағдай жасау.

 

Байқауға қазақстандық және шетелдік ЖОО-ның 8 тобынан өтінім келіп түсті. Студенттер байқаудың «Визитка» тапсырмасы бойынша топтарды таныстыруға дайындалды; «Мінсіз оқушы» тақырыбында презентация және постер әзірледі; сондай-ақ «Білгірлер» тапсырмасы бойынша сабақтың жоспар-конспектісін ұсынды.

 

Жоғары құзыреттілікке ие қазылар алқасы тақырыптың шығармашылық тұрғыда ашылуын, презентацияның, материалдар мазмұны мен ұсыну формаларының анықтығы мен эмоционалдығын, ерекшелілігін, жаңашылдығын бағалады.

 

I дәрежелі дипломмен марапатталған топтар: «Педагоги Наукограда» ( В.М. Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Бийск) - Савченко Ирина, Новокшенова Влада, Лугина Диана, Коровникова Галина. «NonStop» (Абай атындағы ҚазҰПУ) - Попандопуло Марина, Поникарова Маргарита, Раис Риза, Оразбаева Жасмин.

 

II дәрежелі диплом иеленген топтар: «Бақыт» (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) - Абилкасим Сания, Дүйсенбі Назерке, Асилбек Арманай, Арыстан Бибігүл. «Сonnect» (Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Пермь, Ресей) - Фассалова Вероника, Рашевская Татьяна, Плишкина Юлия, Толкушенкова Анастасия. «BilimArt» (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) - Мұхамеджан Риза, Момбек Толғанай, Туймебай Ұлмекен, Пердебай Ұлбала.

 

III дәрежелі дипломмен марапатталған топтар: «Digital-учитель» (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) - Арапбаева Аружан, Әбдіқани Жания, Изизжанова Алина, Мирабдуллаева Дастона. «ПедHouse» (Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті) - Замана Анелия, Лысковка Юлия, Лях Анастасия, Малеева Маргарита. «Жарқын Болашақ» (Абай атындағы ҚазҰПУ) - Оразбекова Жанна, Рабитқызы Назира, Қамбар Шұғыла, Тағабай Аружан.

 

Барлық қатысушыларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=