қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.03.2023

Докторанттардың ғылыми семинары сәтті өтті

 

2023 жылдың 9 наурызында Педагогика және психология институтының  докторанттарының ғылыми семинар өтті.  Ғылыми семинардың мақсаты: ізденушілердің  зерттеу нәтижелері мен инновациялық тәжірибесі туралы ғылыми ақпарат алмасып, докторанттардың ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибелерімен бөлісу.

 

 Ғылыми семинарлың алғы сөзін институт директоры Г.А. Абаева ашып, ғылыми ортаның өзектілігіне тоқталды. Семинарға  институттың 2-3 курс  докторанттары мен ғылыми жетекшілері қатысты.  Ғылыми семинардың модераторы Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 3-курс докторанты С.С.Садибекова болды.

 

 Семинарға «8D01901 - Арнайы педагогика» мамандығының 3-курс докторанттары  А.Б. Жигитов, А.Ә. Сатимбекова мен  «8D01301 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс докторанттары  Г.Х. Сарсенбаева, С.С. Садибекова, С.С. Абжанова, М.М. Зулпыхарова ғылыми баяндамаларының негізінде   зерттеу нәтижелерімен бөлісіп, әдістемелік жұмыстарын талқылады.  

 

 Семинарға қатысқан педагогика ғылымдарының докторлары, профессор З.А. Мовкебаева, А.С. Амирова, М.А. Абсатова т.б. ғалым оқытушылар өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын берді. Семинар спикерлері зерттеу жұмыстарының өзектілігін, практикалық құндылығын атай отырып,  алға қойылған мақсаттарына  жетуге тілектестік білдірді.

 

   Институттың ғылым жөніндегі директор орныбасары М.А. Абсатованың басшылығымен өткізілген ғылыми вебинар барлық докторанттар үшін пікір алмасуға, танымдық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=