қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.03.2023

Ағылшын тілінің тиімді әдістері және студенттердің емтихан дағдыларын дамыту

 

Білім берудегі қазіргі тенденцияларды және студенттердің функционалдық дағдыларын дамытумен қатар тілдік дағдыларды дамыту қажеттілігін ескере отырып, InterPress Distribution ұжымы Oxford University Press қолдауымен және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың​ ​ Филология институты шетел тілдері​ кафедрасымен​ бірлесіп 2023 жылғы 10 наурызда Алматы қаласының жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін «Ағылшын тілінің тиімді әдістері және студенттердің емтихан дағдыларын дамыту» бойынша жартыжылдық тегін оқытуды ұйымдастырды.

 

Бұл семинардың негізгі мақсаты - мұғалімдерді ағылшын тілін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдермен таныстыру және Оксфорд оқулықтарын тиімді пайдалану мен IELTS тіл емтиханын сәтті тапсыру бойынша практикалық идеяларды көрсету болып табылды.

 

Семинар кофе-брейкпен жалпы ұзақтығы 4 сағатты құрайтын үш сессиядан тұрды. Бірінші сессия - ағылшын тілін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді таныстыру, миға шабуыл жасау әдісі арқылы көрсету және практикалық дисскуссия арқылы өтті.​ Екінші сессия - IELTS тіл емтиханын сәтті тапсыру туралы практикалық тапсырмалар арқылы түсіндіру.​ Үшінші сессия- InterPress Distribution, Oxford University Press және IDP IELTS Center туралы толық ақпаратпен таныстырып, қосымша әдіс-тәсілдерді сайттан қалай табу және қолдану туралы бөлісті.

 

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

 

  alt=  

 

  alt=