қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.01.2023

Мектеп оқушыларына арналған «Менің болашақ мамандығым» семинар-тренингі

 

2023 жылдың 24 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен Алматы қаласының №4 Н.Островский атындағы көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат бітіруші түлектеріне «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Тренингті магистр Бауыржан Жанкушков  өткізді.Шара барысында бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың мамандықтарымен, университет базасымен, білім алушыларымен және профессор-оқытушыларымен танысты, сондай-ақ университеттің №1 және №3 оқу ғимараттарын аралап, университетке қарасты Абай мұражайын тамашалады.

 

Іс-шараға мектеп бітіруші түлектер мен «Дара» қайырымдылық қоры орталығынан мамандар қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=