қазақша · русский · english
 
 
 

 

Серіктес университеттермен халықаралық ынтымақтастық аясында «Халықаралық қатынастар» кафедрасының студенттері шетелде үнемі семестрлік оқудан өтеді. 2022 оқу жылында кафедра студенттері Гарифуллина Руслана, Шойынбаев Әмір, Жақсыбай Зарина, Жевлакова Изабель «Эразмус +» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Лилль университетінде (Франция) оқыды.

 

2023 оқу жылының үшінші семестрінде «Эразмус +» стипендиялық бағдарламасы аясында 4-ші курс студенттері Жасбуан Алина мен Стеценко Никита Францияға Реймс қаласына барып, Шампань-Арденн университетінде оқу курсынан өтті. Францияда олар қалаларды аралап, көптеген қызықты адамдармен кездесті. Демалыс кезінде Еуропаның басқа елдеріне бару мүмкіндігі де болды.