қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
12.01.2023

Abai University - жастарды ғылымға қызықтыратын байқауды бастады!

 



Биыл елімізде алғаш ашылған іргелі оқу орындардың бірі Abai University өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осыған орай оқу орны жас зерттеушілердің және оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми жобаларына конкурс жарияланды. Конкурс жеңімпаздарына Ректор гранты тағайындалады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Abai University мерейтой аясында ұйымдастырылатын әрбір шараның жастарға үлгі-өнеге болып, оқытушылардың біліктілігін арттыруды көздеп отыр. Оған осы байқау айқын мысал бола алады.


Ғылыми жобалар конкурсына қатысу үшін үміткерлер конкурс туралы Ережеге сәйкес өтінім беруі тиіс. Конкурстық өтінім беру 12-28 қаңтар аралығында жалғасады.


Жас зерттеушілердің ғылыми жобалар конкурсы туралы хабарландыру:

https://abaiuniversity.edu.kz/kz/5536/notice/

https://abaiuniversity.edu.kz/ru/5535/notice


Ал оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми жобаларының Ережелері төменгі сілтемеде көрсетілген.

https://abaiuniversity.edu.kz/kz/5538/notice/

https://abaiuniversity.edu.kz/ru/5537/notice/


Өтінімдер Қазыбек би көшесі, 30, 203а кабинет мекенжай бойынша қабылданады.


Abai University ғалымдарды қолдау арқылы жас зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жаңа жобалардың ашылуына жол ашпақ.

 

12.01.2023 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz