қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
12.01.2023

Абай университеті: Ғылым саласындағы сыйлық пен стипендия иегерлері, "ЖОО үздік оқытушысы - 2022", "Үздік ғылыми қызметкер-2022" байқауларының жеңімпаздары марапатталды

 



Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов Республикалық «Ғылым саласындағы сыйлық (атаулы премия) және мемлекеттік ғылыми стипендия» иегерлерін, Республикалық «ЖОО үздік оқытушысы-2022», «Үздік ғылыми қызметкер-2022» байқауларының жеңімпаздарын марапаттады, - деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.


Жиынға университеттің Басқарма мүшесі - зерттеу қызметі жөніндегі проректор Е.Бөрібаев, Ғылым департаментінің директоры Ұ.Әбдіғапбарова, ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының жетекшісі Г.Баймбетова қатысты. Аталған байқауларға қатысушылардың жетістіктері әр түрлі критерийлер бойынша бағаланды: электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау, жазба көруге болатын платформаларда ұсынылған сабақтардың сапасы, отандық және халықаралық рейтингтік басылымдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы, қорғау рәсімінен сәтті өткен докторанттардың жұмыстарына басшылық ету және тағы да басқа.


Қос марапат иегерлері профессор Қ.Есенова («Үздік ғылыми қызметкер», мемлекеттік стипендия иегері) мен PhD Ш.Лайсхановқа («ЖОО үздік оқытушысы», талантты жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендия иегері); Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық иегері Ж.Ішпекбаевқа, Мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері, жетекші ғалымдар Ж.Хамзина мен С.Абишеваға, талантты жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендия иегерлері Э.Айтеноваға, А.Жунусбековаға, Э.Уайдуллақызына, сондай-ақ, «ЖОО үздік оқытушысы - 2022» байқауының жеңімпаздары О.Абишева мен А.Рысқанға университетіміздің абырой беделін көтеру жолындағы жемісті еңбектері үшін алғыс хаттар табысталды.


Алдағы уақытта бұдан да биік межені бағындыру жолында аянбай еңбек ете берулеріне тілектестік білдірді. Іс-шара барысында проректор Е.Бөрібаев барлық жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар мен жаңа жоғары жетістіктер тіледі. Әріптестерімізді айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, қызықты идеялар және еліміздің өркендеуі жолындағы ғылыми шығармашылық ізденістерінің жемісті болуын тілейміз.

 

12.01.2023 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz