Педагогикалық Олимп
Әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Айнұр Шорманова Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласы мектептерінің мұғалімдері арасындағы Республикалық «Педагогикалық Олимп» байқауының қалалық кезеңінің қазылар алқасының жұмысына қатысты. Байқаудың басты мақсаты - мұғалімдердің жаңашылдығы мен кәсіби шеберлігін қолдау.
Байқауға қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша барлығы елуден астам мұғалім қатысты. Қазылар алқасының жұмысына белсенді қатысқаны үшін Айнұр Шорманова Алматы қаласы Білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.