қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
07.12.2022

Желтоқсан көтерілісіне арналған шара

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Гүлнара Рахимова «Әлеуметтану» мамандығының 3-курс студенттерімен «Жүректе қалған Желтоқсан» тақырыбында тәлімдік-тәрбиелік сағатын өтті.

 

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен қарсы ала отырып, «Әлеуметтану» мамандығының 3-курс студенттері ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шарасын көрсетті. Студенттер монолог оқып, тарих қойнауынан сыр шертті.

 

Іс-шараға кафедра оқытушылары - философия ғылымдарының докторы, профессор Д.Ө. Құсайынов, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Қ. Мадалиева және институт директорының тәрбие және әлеуметтік істері жөніндегі орынбасары Н.Т. Манапов қатысты.

 

 

07.12.2022 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com