қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
09.12.2022

Ұстаздар ұстаханасының аға оқытушысы «Үздік педагог-2022» медалімен марапатталды

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтының аға оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты Дина Құлжанова «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығы ассоциациясының нысанында заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Астана қаласында ғылым және білім беру мекемелері арасында өткізілген «ІІІ Халықаралық кітап басылымы», «Үздік педагог-2022» байқауына қатысты.

 

Байқау қорытындысы бойынша Дина Қуанышқызы ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Үздік педагог-2022» медалімен марапатталды. Оның ғылыми жұмысы ғылыми мақалалар жинағының «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ІІІ халықаралық кітап басылымы» III томында басылып шықты.

 

09.12.2022 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com