қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.12.2022

Волейбол-2022


2022 жылдың 5 желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6В01404-Дене шынықтыру және спорт», «6В01408- Бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыр және спорт» мамандықтары бойынша педагогикалық іс-тәжірибеден өтуші студенттер арасында волейболдан «Тәуелсіздік ел тұғыры» қалалық турнир өтті.

 

Жарыстың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің денсаулығын нығайту, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Жарысқа барлығы сегіз команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды №140 мектеп-гимназиясы, екінші орынды №33 мектеп-лицейі алды. Үшінші орынды «Бастапқы әскери дайындық» мамандықтарының студенттері иеленді.

 

  alt=  

 

  alt=