қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.12.2022

«Жүректе қалған - Желтоқсан» тәлімдік-тәрбиелік сағаты

 

2022 жылдың 6 желтоқсанында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Гүлнара Рахимова «Әлеуметтану» мамандығының 3 курс студенттерімен біріге отырып «Жүректе қалған - Желтоқсан» тақырыбында тәлімдік-тәрбиелік сағатын өтті. 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен қарсы ала отырып, «Әлеуметтану» мамандығының 3 курс студенттері ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шарасын көрсетті. Студенттер монолог оқып, тарих қойнауынан сыр шертті.


Іс-шараға кафедра оқытушылары философия ғылымдарының докторы, профессор Д.Ө.Құсайынов, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Қ.Мадалиева және институт директорының тәрбие және әлеуметтік істері жөніндегі орынбасары Н.Т.Манапов қатысты. Оқытушылар студенттерге белсенділік танытқандары үшін жылы лебіздерін білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=