қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.12.2022

Абай университеті профессорларының «Үздік музыкалық жетекші - 2022» қалалық байқауының қазылар алқасына қатысуы

 

2022 жылғы 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында педагогика ғылымдарының докторы, Өнер, мәдениет және спорт институтының музыкалық білім және хореография кафедрасының профессоры Лора Нарикбаева Алматы қаласы Білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ шақыруымен қалалық байқаудың II кезеңінің (I кезең - аудандық) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының «Үздік музыкалық жетекші - 2022» қазылар алқасына қатысты.


Байқау музыка жетекшісі мамандығының беделін арттыру, мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілерінің еңбегін ынталандыру, музыкалық білім беру сапасын арттыру мақсатында өткізілді. Байқауға кемінде 5 жыл өтілі бар Алматы қаласының балабақшаларының музыкалық жетекшілері мен 5 жастағы балалар қатысты.


Байқау үш бағыт бойынша өткізілді: 1) Шеберлік-сынып (педагогтармен немесе балалармен); 2) Балалар оркестрі (дәстүрлі емес музыкалық аспаптармен); 3) «Музыкамен дос бол» (балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар). Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға I, II, III дәрежелі дипломдар табысталды.


Байқау аясында қазылар алқасының мүшелері музыка жетекшілерінің құнды педагогикалық тәжірибесін көріп, ашық кәсіби қарым-қатынас жүргізіп, мектеп жасына дейінгі балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін, халықтық дәстүрлер мен мәдениетке, музыкалық қызметтің түрлері мен жанрларына деген қызығушылығын арттыру мақсатында одан әрі ынтымақтастық үшін тілектерін білдірді.

 

  alt=  

 

     alt=   alt=