қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.12.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры ТМД-ның «Үздік педагог - 2022» медалімен марапатталды

 

Психология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры Алма Акажанова «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығы ассоциациясының нысанында заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Астана қаласында ғылым және білім беру мекемелері арасында өткізілген «ІІІ Халықаралық кітап басылымы», «Үздік педагог-2022» сайысына қатысты.


Сайыстың қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Акажанова Алма Таурбекқызы ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Үздік педагог - 2022» медалімен марапатталды. Профессордың ғылыми мақаласы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің «Үздік педагог-2022» ІІІ Халықаралық кітап басылымы» ғылыми мақалалар жинағының ІІІ томында жарияланды.

 

  alt=  

 

  alt=