қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.12.2022

Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының докторанттары тәжірибе алмасуда


2022 жылғы 29 қарашада Назарбаев Университеті мен Абай университеті докторанттары алғаш рет академиялық, ғылыми және кәсіби қызметте тәжірибе алмасу үшін «University bridge» онлайн алаңын ұйымдастырды. Жоғары білім беру мектебі тарапынан докторанттар Арман Асанбаевтың «Академиялық адалдық» және Андрей Щербаковтың «Академиялық жазылым» тақырыбындағы баяндамалары ұсынылды. Абай университеті тарапынан Филология институтының докторанты Мадина Молдағали «Білім алу кезіндегі жобалық қызмет» тақырыбында, ал докторант Әділет Ахметов «Студенттердің білім беру менеджментіне арналған құралдар» тақырыбында сөз сөйледі. Талқылау барысында сындарлы диалог өтті, тыңдаушылар қойған сұрақтарына жауап алды және баяндамашылардың тақырыптарына қызығушылық танытты.

 

  alt=  

 

  alt=