қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.12.2022

Кезекті 77-ші конференцияны болашақ заңгерлер жалғастырды 

 

2022 жылғы 28 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының «Заңгер» клубы мүшелері мен клуб жетекшісі Гүлжазира Мейірбекованың ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел жастары - Тәуелсіздік кепілі»  тақырыбында студенттер мен магистранттардың кезекті 77-ші конференциясы өтті.

 

 Конференция Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, әр жылдары мемлекетіміздің тәуелсіздігі үшін құрбан болған батырларымызды бір минут үнсіздікпен еске алумен жалғасты.

 

Салтанатты кештің ашылуында құқықтану кафедрасының меңгерушісі Жанель Сайлибаева сөз бастады. Конференция барысында 2-3 курс студенттері өздерінің мақалаларын оқып, өзекті мәселелерді қозғады. Келген қонақтар мен студенттердің қойған сұрақтарына жауап берулерінен, олардың өз тақырыптарын терең зерттеп, ізденіспен жұмыс атқарғандығын көруге болады.

 

Тарих және құқық институтының директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Мұхтар Муратказин мен институт директорының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов белсенді студенттер мен клуб мүшелерінің еңбектерін бағалап, оларды осындай деңгейге жеткізіп, тәрбие берген ата- аналарына ректор атынан алғыс хат табыстап, өз құттықтау сөздерімен бөлісті. Конференция жылдан жылға дәстүрге айналған «Заңгер» клубының эстафетасын 3-ші курс студенттеріне салтанатты түрде табыстау рәсімімен жалғасын тапты.

 

Кеш соңында келген қонақтардың, соның ішінде Тарих және құқық институтының оқытушысы Эльмира Кенжебекова мен клуб жетекшісі Гүлжазира Мейрбекованың қорытынды сөзімен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=