қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.11.2022

Мұғалімдерге әдістемелік көмек

 

2022 жылдың 22 қарашасы күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты Бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары - профессор, «Әліппе», «Қазақ тілі» оқулықтарының авторы Азия Жұмабаева мен аға оқытушы Жупат Астамбаева Алматы қаласы «Саялы» шағын ауданында орналасқан, биылғы оқу жылында ашылған №204 мектептің бастауыш сынып мұғалімдерімен семинар-тренинг өткізді.


Оның мақсаты - жаңа ашылған мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, әдістемелік-тілдік және әдістемелік-математикалық білім деңгейлерін көтеру. «Бастауыш сынып оқу пәндерінің сапалы білімді қамтамасыз ету жолдары» деп аталған бұл семинар-тренингті мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Әбілдә ашып, мұғалімдерді семинар-тренингтің спикерлерімен таныстырып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.


А.Е.Жумабаева «Әліппені» оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдемелер» тақырыбында тренинг өткізіп, мұғалімдерге «Әліппенің» ерекшеліктері мен оны оқытудағы түрлі тәсілдемелерді қолданудың жолдарына тоқталды. Әр тәсілдеменің оқулық бетіндегі нақты тапсырмаларды көрсете отырып, мұғалімдердің өздеріне шешу жолдарын іздестіру, пікірлерін тыңдау арқылы оқыту барысы қарастырылды.


Ж.К.Астамбаева «Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудағы күрделі мәселелер» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Ол бастауыштың «Математика» оқу бағдарламасы бойынша бес бөлімнің күрделі материалдарына жан-жақты тоқталып, мұғалімдердің математиканы оқыту сапасын көтеру мақсатында оқушының назарын аударатын маңызды мәселелерге тоқталды.


Семинар-тренинг соңында мұғалімдерді толғандырып жүрген, бастауыш сынып оқушыларын сапалы біліммен қамтамасыз ету кезінде туындаған сұрақтарына жауаптар берілді. Семинар-трениенгтен қатысушылар осындай нәтижелі кездесулердің ілгерде де ынтымақтастықта жүзеге асырылады деген сеніммен қайтты.

 

  alt=  

 

  

 



92

Кері оралу