қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
09.11.2022

«Көшпенділер өркениеті: Ұлы қағандардың хаттары, жарлықтары» көрмесі ашылды

 

Іс-шара Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған. Мұнда алып империяның негізін қалаушы Шыңғыс ханнан бастап Мөңкеге дейінгі хандардың суреттерін көруге болады. Сондай-ақ алтын пайза үлгілері қойылған. Алтын пайза дегеніміз - хандардың сенім грамотасы ретінде тапсыратын металл тақташа. Сонау 1224 жылы Шыңғыс ханның Самарқандта бастырған алтын тиындарының, оның немересі Күйік ханның Рим папасына жазған хаттарын да суретші замануи үлгіде жаңартып жарыққа шығарған.

 

Алуа Таңжарықова, Абай университеті филология институтының директоры:


-Қазір ақпараттың тасқыны кезінде өзінің сол кездегі тамыры тереңге кеткен, яғни, осы көшпенділер рухын, көшпенділер өркениетін қазір мына сурет өнерінде тірілту. Қазіргі жастарға осындай сурет өнерінде бере білу. Негізгі мақсаты осында жатқан сияқты.

 

09.11.2022 ж.

Ақпарат көзі: khabar.kz