қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
09.11.2022

Ректор кубогінің жеңімпаздары

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры­ның кубогі үшін студенттер арасында республикалық пікірсайыс өтті. «Жаңа Қазақстан: жаңа кезең, жаңа бағыт» республикалық турнирінің мақсаты - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, интеллектуалдық әлеуетін арттыру.

 

Турнирдің ашылу рәсімі еліміздің жас пікірсайысшыларын университет тарихымен таныстырудан басталды. Бұдан соң жастар «Таным Трэвл» жобасы аясында қаланың танымал әрі киелі жерлерін тамашалады.

 

Университет ректоры Дархан Біләлов қатысушы командалар алдында студенттік іс-шара­лардың маңыздылығына, жеке тұл­ғаны қалыптастырудағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар пікірсайыс турнирлері арқы­лы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-­жақты дамытуға және зерт­теушілік дағды­ларын қалыптастыруға көңіл бөлу қажеттігін, жаңа Қазақстанның жарқын болашағына бағыттылған жастар бастамасы әрқашан қолдау табатынын және алдағы уақытта бұл дәстүрлі шараға айналатынын атап өтті.

 

Турнирге еліміздің 8 өңірінен 25 жоғары оқу орны студенттері қатысып, 100-ден аса пікірсайысшының ішінен І орынды «70%» фракциясынан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Жазира Жөндербек және Назарбаев университетінен Еркебұлан Әріпбай иеленсе, II орынды Сүлеймен Демирел атындағы университеті «Хан Тәңі­рі» фракциясынан Әсет Оразғали пен Азамат Арынов еншіледі. ІІІ орынды Әл-Фара­би атындағы ҚазҰУ-дың «KN» фракциясынан Кенбай Өзбекәлиев және Нұрдәулет Құлахмет жеңіп алды. Жеңімпаздар 11 аталым бойынша анықталған жеңімпаздар ішінен алғашқы үш орынға арнайы сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

 

09.11.2022 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz