қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.10.2022

 

Құрметті ұстаздар!

 

Кәсіби мерекеміз - Халықаралық ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтауымды және ізгі тілектерімді қабыл алыңыздар!

 

Құрметті Абай университетінің педагогтары! Сіздер педагогикалық кадрларды даярлау бойынша ерекше миссияны атқарып келесіздер. Ұстаздар ұстаханасы - Абай университетінде болашақ ұстаздардың біліктілігін арттыру, жас мамандардың білімін шыңдау бағытына үлкен мән берілген.  Сіздер күн сайын студенттерге кәсіби жаңа білім беріп қана қоймай, дұрыс шешім қабылдауға және таңдауына жауапкершілікпен қарауға үйретесіздер. Сіздердің арқаларыңызда Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері өз өмір жолын табуға, өздеріне және елге қажетті мамандық алуға мүмкіндік алады.

 

Өскелең ұрпақтың кәсібилігі, мәдениеті, адамгершілік негіздері мен рухани құндылықтары сіздерге байланысты. Ұстаздың еңбегі шәкіртінің жетістігінде. Ал біздің университеттің мақтан тұтатын түлектері көп!

 

Студенттермен және жас әріптестерімен жан-жақты тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісуді жалғастырып келе жатқан университетіміздің ардагер ұстаздарына ерекше алғысымды білдіргім келеді.

 

Баршаңызға зор денсаулық, амандық және барлық істерде сәттілік тілеймін!

 

 

Құрметпен,

ректор Дархан Біләлов