қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.09.2022

Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін сәтті қорғау

 

2022 жылдың 29 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы «8D017-Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау» (6D011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті) бағыты бойынша философия докторы (РhD) доктор дәрежелерін беру үшін құрылған Диссертациялық кеңесте Н.Ж.Бекееваның «Қазақ тілін оқытуда студенттердің кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамытудың әдістемесі» тақырыбында докторлық диссертациясының қорғауы өтті. Кеңестің алғашқы отырысын университеттің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев ашып, диссертациялық кеңес мүшелерінің қызметіне сәттілік тіледі. Диссертация Абай атындағы ҚазҰПУ-дың С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында орындалған. Ғылыми кеңесшілері - профессор Фаузия Оразбаева (Абай атындағы ҚазҰПУ) және профессор Четин Пекаджар (Анкара Ходжа Байрам Вели университеті, Түркия).

 

Қорғау жүз пайыздық кворуммен онлайн және офлайн форматтарда жоғары ғылыми-теориялық және ұйымдастырушылық деңгейде сәтті өтті. Диссертациялық кеңестің шетелдік мүшесі, профессор Незир Темур (Түркия) және шетелдік кеңесшісі профессор Четин Пекаджар онлайн-режимде диссертацияны талқылауға белсенді қатысты. Қорғау конструктивті-іскерлік және дұрыс атмосферада өтті. Диссертациялық кеңес туралы жаңа Ережеге сәйкес қорғаудың бүкіл рәсімі электронды форматта жүзеге асырылды: келу парағын толтыру, дауыс беру.

 

Дауыс беру нәтижесі бойынша Н.Ж.Бекееваға «8D017-Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау (6D011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті)» бағытының аталған бейіні бойынша PhD докторы дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.

 

  alt=  



591

Кері оралу