қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.09.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ-де Назарбаев Университетінің профессоры дәріс оқыды

 

2022 жылғы 28 қыркүйекте Назарбаев университетінің қауымдастырылған профессоры Дуйшон Шаматов ғылым жолына аяқ басқан білім алушыларға зерттеу жұмысын жазудағы тәжірибесімен бөлісе отырып «Зерттеу тақырыбын таңдау» («Выбор темы исследования») тақырыбында дәріс оқыды. Ғылыми дәріске Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы - ректор Д.Н. Біләлов, зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Е.Ә. Бөрібаев, Ғылым департаментінің қызметкерлері, ғылыми істер жөніндегі директор орынбасарлары мен кафедра меңгерушілері, университетіміздің жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатысты. Лектор диссертация тақырыбын таңдау, мақсат-міндетін анықтауда көңіл бөлетін негізгі мәселелер, зерттеу жұмыстарын қалай ұйымдастыру керек деген маңызды дүниелерге аудиторияның назарын аудартты және тәжірибесімен бөлісті. Профессордың дәрісі ашық форматта өткендіктен қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Өз кезегінде лектор әрбір сұраққа жауап беріп, белсенді қатысушыларға жаңадан жарық көрген кітабын сыйлады. Дәрістің соңында барлық қатысушылар ғалыммен естелік суретке түсті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  



263

Кері оралу