қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.09.2022

«Көп мәдениетті әлемдегі балалар мен кітаптар» халықаралық конгресінде сөз сөйлеу

 

2022 жылдың 26 қыркүйегінде республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі, «ALTAIR» балалар кітабы Академиясы және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен «Көпмәдениетті әлемдегі балалар мен кітаптар» III халықаралық конгресі өз жұмысын бастады.

 

Конгресс жұмысы Қазақстандағы балалар жылына арналған және балалар мен жасөспірімдер әдебиетіне ғылыми, әдістемелік қызығушылықты дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған. Аталған шараға ғалымдар, балалар жазушылары мен ақындары, аудармашылар, кітапханашылар, баспагерлер, мұғалімдер жиналды.

 

«Балалар кітабы: тіл мен стильдің ерекшеліктері» секциясының жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі профессор Сәуле Әбішева қатысты. Оның «М.Мақатаевтың балаларға арналған поэзиясы» баяндамасы қазақ ақынының тағдыры мен поэзиясының ерекше парағы - шығармашылығындағы балалық шақ проблемасына арналды. Себебі, ақынның балалық шағы - оның шығармашылығындағы басты тақырып - Отан тақырыбын анықтаған болатын.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=