қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.09.2022

Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау жалғасуда


2022 жылғы 19 қыркүйек күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да Педагогика және психология институты мен Тарих және құқық институтында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында ашық дәрістер өткізілді. Іс-шараға университеттің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясатын дамыту департаментінің қызметкерлері мен студенттер қатысты.

 

Спикерлер жастардың әл-ауқатын арттырудың, білім алушыларды әлеуметтік қолдауды жаңғыртудың, білім беруді одан әрі дамытудың өзекті мәселелеріне шолу жасады, сондай-ақ болашақ педагог кадрларды даярлау сапасы жөніндегі бастамаларға ерекше тоқталды.

 

Іс-шарада Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясатын дамыту департаментінің директоры Ділдабек Дидарбек, тарих және құқықтану институтының аға оқытушысы, саясаткер, дінтанушы Дидар Мамырбаев пен 3-курс студенті, студенттік өзін-өзі басқару мүшесі Мағжан Шадихан, Педагогика және психология институтының 2-курс студенті Әлішер Мыңбай сөз сөйледі. Модераторлар - Тарих және құқық институты директорының әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Нұрлан Манапов, Педагогика және психология институты - Сәуле Шолтай.

 

Талқылауға 300-ден астам студент қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  



252

Кері оралу