қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.09.2022

Абай университеті ERASMUS+ бағдарламасының KAZDUAL жобасы аясында бірқатар оқыту тренингтерін өткізді

 

2022 жылдың 14 -16 қыркүйек аралығында оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер және жұмыс беруші серіктестер үшін «Дуальды оқытуды енгізу» оқыту тренингтері өткізілді. Абай университеті жобалық тобы Erasmus+ бағдарламасының KazDual - «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» жобасы аясында (жоба нөмірі: ЕС 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP, іске асыру мерзімі: 15.01.2021-14.01.2024) түрлі форматта тренингтер ұйымдастырды.


14 қыркүйек күні жоба мүшелерінің дуальды оқытудың пилоттық тобы - 6В01303-АКТ-мен бастауыш білім беру ББ 1 курс студенттерімен кездесуі өтті. Студенттер дуальды оқыту принциптерімен танысып, үшжақты келісім-шартты талқылады, кіріспе тестілеуден өтті. Педагогика және психология институтының директоры Галия Абаева дуальды оқыту ережелері туралы сөз сөйлесе, Бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі, профессор Жұмабаева Азия 2022-2023 оқу жылындағы мектеппен өткізілетін жұмыс жоспары туралы айтып өтті.


15 қыркүйекте университеттің оқытушылары мен докторанттарына арналған тренинг өтті. Abai University зерттеу қызметі жөніндегі проректоры, жоба жетекшісі Ермек Әбілтайұлы Бурибаев жобаның жоспарлары мен аралық нәтижелері туралы айтып берді. Жоба қатысушылары дуальды білім беруді ұйымдастырудағы инновациялар тәжірибесімен бөлісті. PhD, постдокторант Сапаргалиева Баян KAZDUAL "Қазақстанда дуальды жүйені енгізу" жобасының іске асырылу барысымен таныстырды.


Педагогика және психология институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Галия Абаева дуальды жоғары және кәсіби білім берудің икемді моделіне сипаттама берді. Тыңдаушыларды Қазақстан Республикасындағы дуальды білім берудің ұғымдық және нормативтік-құқықтық базасымен таныстырды.


Педагогика ғылымдарының кандидаты, Бастауыш білім беру кафедрасының доценті Асель Акпаева тренинг қатысушыларын жұмыс берушілердің дуальды оқыту жүйесін енгізудегі ұстанымдарын зерттеумен таныстырды.


PhD, постдокторант Серикова Самал еуропалық әріптестердің оқу бағдарламасын әзірлеу бойынша инновациялық тәжірибесімен бөлісті. Оқу бағдарламаларын әзірлеу әдістерін ашты.


Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор-зерттеуші Берикханова Айман білім алушыларды белсенді оқу қызметіне ынталандырудың педагогикалық тәсілдерін ашты.


16 қыркүйекте Педагогика және психология институтының жұмыс берушілері, оқытушылары, магистранттары мен докторанттары үшін Қазақстанда дуальды жүйені енгізу мәселелері: озық тәжірибе, инновациялар және мүдделі тұлғалар үшін перспективалар тақырыбында бизнес-бранч өтті. Бизнес-бранч барысында дуальды оқытудың еуропалық тәжірибесі, жоғары педагогикалық білімге дуальды оқыту принциптерін енгізудің қиындықтары туралы көптеген сұрақтар қойылды. Енгізу перспективалары, студенттермен және жұмыс берушілермен озық жұмыстың маңыздылығы туралы пікірлер айтылды. Осындай қызу пікірталас университет пен Қазақстанда дуальды білім берудің өзектілігін дәлелдеді.

 

  alt=  

 

  alt=  



172

Кері оралу