қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.09.2022

Жаратылыстану және география институты белгілі түрік ғалымын шақырды


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтында «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Улудаг университетінің профессоры (Бурса, Түркия) PhD докторы Эмин Атасой «География және экология» кафедрасына келді. Профессор 50 оқулық пен монографияның және 120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы, Хирш индексі (h=7) бар.

 

2022 жылдың 5 қыркүйек пен 5 қазаны аралығында профессор Е.Атасой кафедраның бакалавриат, магистранттары және докторанттары үшін халықтар географиясы мен рекреациялық географиядан дәрістер оқиды, жоғары рейтингті журналдарда мақала жазу бойынша шеберлік сабақтарын және докторанттармен консультациялар өткізеді, Институттың ғылыми өміріне белсене қатысатын болады.

 

  alt=  

 

  alt=