қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.09.2022

Алматы қаласының жастары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылады

 

Іс-шараға «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы, ҚХА кеңесінің мүшесі Тимур Жұмырбаев, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қайрыев, «Ассамблея жастары» РҚБ Алматы қаласындағы өкілдігінің төрағасы Анна Торосян мен «Ариана» ауған орталығы жастар қанатының төрағасы Омар Мұхаммедсаруар, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарындағы «Ассамблея жастары» өкілдіктерінің төрағасы Әсем Сатылғанова және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Бірлік» Ассамблеясы жастары қатысты.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар Мемлекет басшысы Жолдауында көтерген көптеген тақырыптарды, мысалы, синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрестегі еріктілердің үлесі, жастарды қолдаудың негізгі бағыттары, балаларға қолдау көрсету, кәсіпкерлікті жүйелі қолдауды түсіндіру, медициналық қызметтердің сапасын дамыту, студенттер үшін әлеуметтік жағдайларды дамыту мәселелерін талқылады. Дөңгелек үстел соңында студенттік «Бірлік» Ассамблеясының белсенділері Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан үлестері үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=