қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.08.2022

Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының басшыларымен тамыз кеңесі


«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы жыл сайынғы республикалық педагогикалық форум аясында «Дарын» ғылыми-практикалық орталығында Алматы қаласының білім беру ұйымдарының басшыларымен тамыз кеңесі өтті.


Кеңесте «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры Айтпаева Жанат, дарынды балаларға арналған жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің директорлары мен директорлардың орынбасарлары, жоғары оқу орындарының өкілдері сөз сөйледі.

 

Пленарлық отырыста Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры Сатова Ақмарал баяндама жасап, балалар мен жасөспірімдердің қабілеттерін диагностикалаудың және дамытудың өзекті мәселелерін қозғап, қазіргі оқушылардың қабілеттерін диагностикалаудағы инновациялық тәсілдер туралы айтты.

 

Профессор Ақмарал Сатова «Qabilet» қызметінің жобасы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «XXI ғасыр дағдыларын дамыту: 4 «К»- сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, 10-11 жастағы балалардың коллаборациясы және 7-9 жастағы балалардың когнитивті, коммуникативтік қабілеттері мен эмоционалды интеллектісін диагностикалау» атты жеке әлеуетін өлшеу бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, мұндай жұмыс 5-6 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау және дамыту үшін жүргізіліп келеді. Бұл жобаны «Елбасы Академиясы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасының кәсіби даярлау бөлімінің бір топ ғалымдары мен оқытушыларын тарта отырып әзірлеген.

 

Бұл жобаның аясындағы жүргізілетін жұмыс тамыз педагогикалық кеңесіне қатысушы тұлғалардың қызығушылығын тудырып, олардың қолдауына ие болды.

 

  alt=  

 

  alt=