қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.08.2022

Ғылым және жоғары білім форумы сәтті өтті

 

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайынғы ғылым және жоғары білім бойынша Тамыз кеңесі шеңберінде 2022 жылғы 18-19 тамызында «Адами капитал - Жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы» ғылым және жоғары білім форумы-2022 қарсаңында (онлайн форматта, ZOOM арқылы) «Қазақстан Республикасында 30 педагогикалық білім беру бағдарламасын әзірлеу» панельдік сессиялар өткізілді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ЖОО-ның ПОҚ мен жұмыс берушілердің белсенді қатысуымен (376) 11 жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша секциялық отырыстар ұйымдастырды және өткізді:


2022 жылғы 18 тамызда төрт ББ бойынша: «География» (52), «Математика» (37), «Информатика» (46), «Еңбек және кәсіпкерлік негіздері» (12).


2022 жылғы 19 тамызда жеті ББ бойынша: «Педагог-кәсіптік бағдар беруші (жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қайта даярлау)» (69), «Музыкалық білім беру» (23), «Бейнелеу өнері» (24), «Физика» (45), Арнайы білім беру (Магистратура)» (20), «цифрлық білім беру» (20), «педагогика (Магистратура)» (28), Арнайы білім» (20).


Жаңа білім беру бағдарламаларын белсенді талқылау барысында педагогикалық жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер өкілдері тарапынан түсініктемелер, сұрақтар мен бірқатар ұсыныстар айтылды.


Жалпы, аталған форум нәтижелі өтті, секциялық отырыстар барысында таныстырылған білім беру бағдарламаларына толықтырулар енгізу бойынша сындарлы ұсыныстар ұсынылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=