қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.08.2022

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

 

Бүгін-Абай күні! Биыл дала философы, ақын, композитор және ағартушы, қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 177 жыл толды.

 

Ұлы ақынның туған күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығы мен қызметкерлері Абай ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойып, ақынды ұлықтады.

 

Айтулы мерекені әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов ашты. «Абай есімін мақтанышпен алып жүрген университетіміздің ұжымын бүгінгі маңызды мерекемен құттықтаймын. Бүгінде Абайдың теңдессіз шығармашылығы халқымыздың рухани мұрасы, әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға ретінде насихатталуда. Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздері, философиялық толғамы өзектілігін жоймаған, ұрпақтан ұрпаққа бағдар болып келеді», - деді проректор. «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, белгілі абайтанушы Жабал Шойынбет Абай Құанабайұлы және оның шығармашылығы туралы қысқаша айтып, біздің мемлекетімізде оның мұрасын жаңа зерттеу және әлемге таныту бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

 

Ақынның есімін ұлықтау мақсатында 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет 10 тамызды Абай күні деп белгілеп, еліміздің атаулы мерекелер тізбесіне енгізді.

 

  alt=  

 

  alt=