қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.08.2022

Абай университетінің студенті ерлік жасады

 

2022 жылдың 8 тамызында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов Өнер, мәдениет және спорт институтының «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша 2 курс студенті Ерасыл Махмұтпен кездесті. Кішкентай баланы құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін студентке алғыс білдіре отырып, ректор батыр студентімізге университеттің арнайы сертификаты мен сыйлығын табыс етті.

 

«Бүкіл ұжым атынан және жеке өз атымнан шынайы ерлік көрсеткеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Өз өміріңізді қатерге тігіп, 7-қабаттан құлағалы тұрған екі жасар сәбиді аман алып қалып, жан түршігерлік оқиғаның алдын алдыңыз. Сіздің ерлігіңіз біздің студенттерге ғана емес, еліміздің барлық жастарына үлгі.Осындай тұлғаның университетімізде білім алғанын мақтан тұтамыз. Сіздей азаматты лайықты тәрбиелеген ата-анаңызға алғысымды білдіремін. Оқуда табыс тілеймін», - деді Д.Біләлов.

 

Біздің студент өзінің батыл әрекетін 2022 жылдың 21 шілдесінде жасады. Жақында Ерасыл Махмұт «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

 

  alt= 

 

  alt=