қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.07.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері әскери ант қабылдады


2022 жылдың 9 шілдесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әскери кафедрасында лейтенант құрамын даярлау бағдарламасы бойынша курсанттардың ант беру салтанатты рәсімі өтті.


Мерекелік іс-шара әскери кафедраның плацында өтті. Оған университет өкілдері, шақырылған қонақтар мен ата-аналар қатысты.


Курсанттар салтанатты түрде парад алаңында сап түзеп, Отанға адал болуға ант берді.


Болашақ Отан қорғаушылар адал, ержүрек, тәртіпті, қырағы жауынгер болуға, әскери және мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауға, командирлері мен бастықтарының бұйрықтарын мүлтіксіз орындауға салтанатты түрде ант етті.


Олар өз халқына адал болуға, Отан қорғауға әрқашан дайын болуға уәде берді.


Әскери кафедра бастығы запастағы полковник Мәмбеталиев Қ.Р. курсанттарды ант қабылдауларымен құттықтап, әрбір курсант үшін ант қабылдау күні жауапты әрі қасиетті екенін атап өтті: «Ант беру дегеніміз - Отаныңа, халқыңа ақтық демі қалғанша адал болу, сын сағатта ел басының алдында тұру, қажет болса құрбандық шалу деген сөз».


Өзінің құттықтау сөзін тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Нұрланов Шыңғыс Нұрланұлы айтып, курсанттарға білім мен кәсіби шеберліктің қымбат жолына сенімді түрде баруға, жаңа биіктерге жетуге, адал және еңбекқор болуға тілек білдірді.


Сондай-ақ әскери кафедра оқытушылары, полковник Жунусов Ерлан Даулетович, Алимханова Гай Аскаровна, Ибраймова Инжайым Таубайқызы құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің болашақ әскери қызметшілерін оқыту мен тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін әскери кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен бастығына алғыстарын білдірді.


Іс-шараның басқа да қатысушылары жылы лебіздерін білдірді.


Ант қабылдау рәсімі болашақ әскери қызметшілердің салтанатты маршымен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=