қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.07.2022

«Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдама

 

Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының постдокторанты Дина Сабирова «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та Джордж Вашингтон университетінің Эллиот халықаралық қатынастар мектебінде (Вашингтон қ.) бір жылдық тағылымдамадан өтуде.


Нью-Йорктегі Карнеги корпорациясы Эллиот мектебін әлемдегі жетекші қоғамдық және сыртқы саясатты зерттеу институттарының бірі ретінде бағалайды.


Қазақстандық интерндер АҚШ-тағы білім берудің ерекшеліктерін, білім саласындағы әлемдік трендтер мен бағыттарды түсінуге көмектесетін бағдарлама бойынша оқиды. Олар тиімді көшбасшылық қасиеттер мен басқарушылық қабілеттерді дамытуға баса назар аудара отырып, қарқынды оқытуды көздейтін арнайы әзірленген «Жоғары білім беруді басқарудағы көшбасшылық» бағдарламасынан өтеді. Тренинг барысында бағдарламаға қатысушылар білім беруді басқарудағы ағымдағы тәжірибелерді меңгереді.

 

  alt=    alt=