қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.06.2022

Аружан Қалдыбек «ТМД Үздік түлегі - 2022» байқауының жеңімпазы

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «5В010200 - БОПӘ» мамандығының 4-курс студенті Қалдыбек Аружан «Bilim orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында өткізілген «ТМД Үздік түлегі - 2022» халықаралық байқауында жеңімпаз атанып, І Дәрежелі диплом және ҚР жастар саясатына қосқан үлесі үшін медаль және оны растайтын куәлікпен марапатталды, «ТМД Үздік түлегі» жинағына енді.


Іс-шара елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік сарайында өткізілді. Марапаттау рәсіміне «Аманат» партиясының мүшелері және «Bilim orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының директоры қатысып түлектерді марапаттады.

 

  alt=