қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.06.2022

«Балдәурен білгірі-2022» республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар конкурсы


2022 жылдың 7-8 маусым күндері аралығында Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен 2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдәурен білгірі-2022» республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар конкурсы өткізілді.

Аталған конкурсқа қатысқан оқушылардың ғылыми жобаларына төрелік ету үшін әділ қазылар алқасы құрамында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Жаратылыстану және география институтының оқытушылары да қатысты. Химия, биология, география пәндерінен құралған «Жаратылыстану» секциясында аға оқытушылар Жанар Жаксибаева, Разия Қалдыбекова, Дина Құлжанова оқушылардың ғылыми ізденістерінің нәтижелерін саралады. Өте қызықты әрі мазмұнды өткен конкурста топ жарып шыққан оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. Ең үздік деп танылған оқушыға «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалуға жолдама берілді.

Екі күнге созылған осы конкурста өте құнды ғылыми жобалар ұсынылды. Әсіресе, «Ауыл шаруашылығының жоғары технологиялық әдістері», «Қатты бидай тұқымын пайдаланып малазықтық өнім дайындау», «Қоқыстарды өңдеу технологиясы» бойынша ұсынылған жұмыстар әділ қазылар тарапынан ерекше бағаланып, жүлделі орындарға ие болды. Аквапоника (су жануарларын өсіру) және гидропониканы (өсімдіктерді топырақсыз өсіру) біріктіретін ауыл шаруашылығының жоғары технологиялық әдісіне ғылыми зерттеуін арнаған Есенжан Райымбек атты жас ғалым бас жүлдеге ие болды.

Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында десек, үміт артар жеткіншектеріміздің талпыныстары мен ғылыми ізденістеріне сәттілік тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=