қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.06.2022

«Абай оқулары» IV Халықаралық ғылыми семинары

 

2022 жылғы 9 маусымда Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы Слупск қаласы Помор академиясының (Польша) Неофилология институтындағы Абай атындағы Орталығында Қазақ ғалымы, реформатор Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Абай оқулары: Қазақстан мәдениетінің тарихы мен болашағы» атты IV халықаралық ғылыми семинары өтті.

 

Халықаралық семинар екі форматта өтті. Қазақ мәдениеті мен ғылыми орталығының ғимаратына оның көптеген қатысушылары (соның ішінде Алматыдан келген оқытушылар мен студенттер де бар) Слупск қаласындағы Помор академиясында басқосты. Басқа қазақ және шетелдік спикерлер желіде сөйледі.

 

Семинар құрметті қонақтардың сөзімен ашылды. Бұл дипломатиялық корпустың өкілдері Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы Ұлжан Галинова мен Гданьск қаласындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының директоры Йоанна Насыров болды. Халықаралық семинарға қатысушыларды екі жоғары оқу орнының басшылары - Абай атындағы ҚазҰПУ Дархан Біләлов және Помор академиясының оқу ісі жөніндегі проректоры Данута Герчинска қарсы алды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ түлегі PhD докторы Максим Пономаренко, ал қазір Помор академиясының оқытушысы, семинардың модераторы ретінде болды. Ол екі университет арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың бастамашылары - профессор Галина Нефагинаға, Помор академиясының Неофилология институтының басшысы және Абай атындағы ҚазҰПУ Филология инсиитуты, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі профессор Сәуле Әбішеваның арасында ынтымақтастық қарым-қатынастың дамуына ықпалын тигізді.

 

Аталмыш спикерлер сөз сөйлеп, пікірлерімен бөлісті. Содан кейін Польша, Қазақстан және АҚШ университеттерінің ғалымдары мен жас зерттеушілерінің ғылыми баяндамалары тыңдалды. Қазақ тілін, қазақ әдебиетін, Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеуге арналған поляк және орыс тілдеріндегі баяндамалардың тақырыптары тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Баяндамалар ғылыми пікірталасқа қатысушылар тарапынан қызу талқыланды.

 

4-ші Халықаралық семинарға қатысушылардың барлығы әртүрлі елдердің филологтары арасындағы жемісті ынтымақтастық жалғасатынына сенімді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=