қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
02.09.2022

Бірінші курс студентерімен кездесу

 

2022 жылғы 2 қыркүйекте Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Тарих-география» және «Тарих-Дінтану» мамандықтарының бірінші курс студенттеріне бейімделу кездесуін өткізді. Жиналыстың мақсаты білім алушылардың жаңа білім алу қызметіне табысты бейімделуіне ықпал ететін жүйелі іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады. Жиналыс барысында кафедра оқытушылары университеттің ішкі нормативтік құжаттарымен, университет нұсқаулығымен танысу, Абай атындағы ҚазҰПУ-да оқытудың талаптары мен ерекшеліктерімен танысуды ұйымдастыру, мамандықтардың білім беру бағдарламаларымен танысу, топ ұжымын, топтық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс, кафедра, институт ұжымымен (әкімшілікпен, оқытушылар құрамымен) өзара іс-қимыл жасау дағдыларын дамыту, белсенді өмірлік ұстаным мен әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, сонымен қатар бірінші курс студенттерін университеттің қоғамдық өмір қызметімен таныстырды.


Студенттерді Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі К. М. Рүстем құттықтап, мамандықтар мен білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін, академиялық саясат және білім алушылардың академиялық күнтізбесін түсіндірді. Студенттер алдында кафедраның басқа оқытушылары да сөз сөйледі, олар «UNIVER» жүйесіне қалай кіру керектігін, ішкі тәртіп ережелерін және студенттің оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптарды түсіндірді. Кездесуде қоғамның прогрессивті дамуындағы студенттің рөлі өте маңызды екендігі атап өтілді, өйткені олар қоғам дамуының жоғары деңгейінде болатын ұрпақ қалыптастырады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу