Институт жаңалықтары мен оқиғалары
07.04.2021
Айтылған тарих - деректері
2021 жылы 6 сәуірде Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы З.Мырзатаева «Айтылған тарих: отандық тәжірибе және оның мүмкіндіктері» тақырыбында ҚР ҰҒА академигі М.Қойгелдиев жетекшілік ететін «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығының қызметі жөнінде дәріс-презентация өткізді. Автор дәрісте орталықтың тарихтану ісінде өріс алып келе жатқан жаңа технологиялық құрал - Айтылған тарих ғылымының методологиясы жөнінде терең талдау жасады. Орталық директоры М.Қойгелдиевтің басшылығымен орындалған «Халық тарих толқынында» (2014-2016 жж), «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» (2018-2020 жж) мемлекеттік бағдарламалары аясында орындалған жобалармен таныстырды. Ғылыми жоба аясында орталықтың ондаған елішілік ғылыми экспедициялар шығарғанын, ҚРОМА-ға жүздеген тарихи сұхбаттар тапсырғанын баян етті.
Лектор, орталық қызмет еткен 9 жыл ішінде 30-ға жуық кітаптар мен фильмдер (монография, оқу-әдістемелік құралдары, ғылыми-көпшілік жинақтар, деректі фильмдер мен оқу-әдістемелік фильмдер) шығарғанын жөнінде кеңінен баяндап, сондай-ақ, мұндай ғылыми практиканы теорияға айналдыру ісін магистратурада бекітілген жаңа арнаулы курстары бойынша жүргізген ашық сабақтарының бейнекөріністері негізімен бекітті. Соған сәйкес Айтылған тарих құралының педагогика саласында да оңтайлы екенін жан-жақты айтты.
Дәріске Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 50-ден аса оқытушылары мен магистрант, докторанттары қатысып, сұрақтар қойып өзара пікір алмасты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|