қазақша · русский · english
   
Институт жаңалықтары мен оқиғалары
05.10.2020

Тарих және құқық инстиутының 2020-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарымен таныстыру


2020 жылдың 02 қазанында Тарих және құқық институтының 2020-2025 жылдарға араналған стратегиясы таныстырылып, талдау жүргізілді.

 

Институт стратегиясының таныстырылымына университетіміздің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры - А.Құлсариева, Даму стратегиясы және сапаны сараптау департаменті директорының орынбасары - Т.Тасбулатов, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры - Х.Жанбеков, Білім беру бағдарламасын жобалау департаментінің директоры - А.Байдильдина, Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасары - Қ.Бекбенбетова және институт директораты қатысты.

 

А.Джунусов институттың 2020-2025 жылдарға арналған даму стратегиясында көтерілген мәселелер жөнінде кеңінен баяндады. Атап айтсақ, 2020 жылдан 2025 жылға дейінгі оқу, ғылым, тәрбие бағыттары бойынша жеке-жеке критерилеріне тоқталып, даму шкалаларын сандық және процент негізде атап көрсетті.

 

Әсіресе, университеттің контингентін арттыру, білім алушыларды қызықтыратын жаңа білім беру бағдарламаларын дайындау, шетелдік әріптестермен ғылыми байланысты дамыту, қос дипломды қолға алу, дуальды оқыту бағдарламалары, зерттеу лабораторияларын ашуға ерекше назар аудартты.

 

Жоспарды талқылау барысында сөз алған Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры - Х.Жанбеков бүгінгі таңда тұтынушылар құндылықтарына айрықша көңіл бөлу керектігін айта келе, қазіргі бәсекелестік заманда нарық талаптарына жауап беретін мамандар дайындау қажеттігіне тоқталды.

 

Стратегия таныстырылымына ректорат және департамент тарапынан қатысқан басшылар өздерінің оң пікірлерімен ортақтасып, даму жоспарының жағымды аспектілерін атап өтті.

 

   

 

       

 

 




Кері оралу