қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.05.2022

«Абай жолы» романының үздік оқырманы» әдеби сайысы

 

2022 жылдың 18 мамырында Филология институтының академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Ж.Қ.Балтабаеваның ұйымдастыруымен «6В0170100-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері арасында «Абай жолы» романының үздік оқырманы» тақырыбында әдеби сайыс өткізілді.

 

Студенттер роман-эпопея мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп жүлделі орындарға ие болды. Әдеби сайыста профессор С.Асылбекұлы, доценттер А.Тамаев, Е.Молдасанов әділқазылық етті. Аталған шараға институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Қасенов, 2 курс эдвайзерлері М.Әлібаева, С.Нұрғали қатысты

 

  alt=  

 

  alt=