қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.06.2022

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік жас ғалым-2022» марапаты

 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми - білім беру мекемелері арасындағы өткен «Үздік жас ғалым-2022» жобасында ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Филология институты шетел тілдері кафедрасының магистр, оқытушысы Дариға Исмаилова «Үздік Жас ғалым - 2022» төсбелгісімен марапатталды.


Сонымен бірге, «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен ТМД елдерінің V Халықаралық «Үздік жас ғалым - 2022» (ТМД Ғалымдары) кітап басылымы ТМД мен Еуропаның Жас ғалымдарының ғылымы мен тұлғалық табыстарын насихаттауға бағытталған бірегей жоба болып табылады. Дариға Исмаилованың «Шеттілдік білім беруде интербелсенді «Дебат» технологиясын қолдану тиімділігі» мақаласы Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығының І дәрежелі дипломымен марапатталды. Марапаттау Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйінде жоғары деңгейде өтті.

 

   alt=