қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.06.2022

Балаларды қорғау күніне арналған «Алаш үміті» балалар конкурсының жеңімпаздары марапатталды

 

2022 жылдың 12 мамыр - 01 маусым аралығында «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен университет қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамының балаларына арналған 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін күні мен 01маусым Балалар құқықтарын қорғау күніне «Алаш үміті» университет қызметкерлері мен оқытушылары балаларының өлеңді жатқа оқу конкурсы өз мәресіне жетті.

 

2022 жылдың 01 маусымында конкурстың салтанатты марапаттау рәсіміне университеттің әкімшілік және қаржы қызметі жөніндегі проректоры Клара Исақова, Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Ибраимов, «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, абайтанушы-ғалым Жабал Шойымбет, Филология институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Алмас Найманбаев және Жобалық кеңсе қызметкерлері конкурс жеңімпаздарына жылы лебіздерін білдіріп, атаулы күндердің маңыздылығына тоқталып өтті.

 

Конкурстың нәтижесінде жобаға 34 бейнебаян келіп, оның конкурс Ережесіне сай деп арнайы маманданған әділқазы тобының шешімімен он жеңімпазы анықталды. Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалар (3-6 жас) арасында Бас жүлдені - Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департамент қызметкері Қаржаубаев Аманжолдың немересі Роза Әбілқайыр жеңіп алса, I орынды Өнер, мәдениет және спорт институты дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы Тугелбаев Ериктің қызы Нұрмахамбет Айкөркем иеленді. II орын иегері болып «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсе менеджері Ақбота Ерболқызының қызы Ханшайым Айтпекқызы атанса, ал III орындарды Математика, физика және информатика институты математика және математикалық модельдеу кафедрасының доценті Айтжанов Серіктің ұлы Ерсұлтан Ілияс және Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департамент қызметкері Қаржаубаев Аманжолдың немересі Ерасыл Әбілқайыр иеленді.

 

Ал 7-10 жас аралығында Бас жүлдені - Математика, физика және информатика институты физика кафедрасының аға оқытушысы Ерженбек Бұлбұлдың қызы Жаныбекқызы Айзере қанжығасына байлады.

 

Конкурстың I орын иегері Педагогика және психология институтының оқытушысы Молдабекқызы Гүлзираның қызы Жаныбекқызы Мариям атанды.

 

II орынды Математика, физика және информатика институты математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға лаборанты Исабаева Жанардың ұлы Садукен Бақкелдіге бұйырды.

 

Ал III орынның иегерлері болып, аталған институттың Физика кафедрасының оқытушысы Сұлтанова Құндыздың ұлы Кешубай Керімсал және Педагогика және психология институтының профессоры Абсатова Марфуғаның ұлы Нұрасыл Арнұрұлы атанды.

 

Конкурс жеңімпаздары университет ректоры Дархан Біләловтың арнайы дипломымен, және ҚазҰПУ қызметкерлер кәсіподақ ұйымының дайындаған бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

Жеңімпаздардың бейнероликтері «Рухани жаңғыру» орталығы мен университеттің ресми әлеуметтік желідегі парақшалары және сайтында жарияланады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  


«Рухани Жаңғыру» Жобалық кеңсесі