қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.06.2022

Абай университеті алғаш рет Азияның жетекші жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингіне қатысты

 

Бүгін «Times Higher Education Asia University Rankings-2022» Азияның ықпалды университеттерінің жаңа рейтингі жарияланды, оған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет алғаш рет қатысып, Reporter санатына кірді. Reporter санаты университеттің қажетті деректерді ұсынғанын, белсенді қатысқанын және әлемнің жетекші университеттері қатарына енуге үміткер екенін білдіреді. Қазіргі уақытта университет ғылыми жарияланымдар саны бойынша талап етілген межені еңсере алмағандықтан рейтингте сараланбаған.

 

Times Higher Education Asia University Rankings университеттерді бағалау әдістемесінде бес бағыт бойынша топтастырылған 13 тиімділік көрсеткішін пайдаланады: білім беру (оқыту ортасы); зерттеу (көлем, кіріс және бедел); дәйексөз индексі (зерттеу әсері); халықаралық көзқарас (қызметкерлер, студенттер және зерттеулер) және салалық табыс (білім беру).

 

 

Стратегия департаменті