қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.06.2022

Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетімен ынтымақтастық нығаюда

 

2022 жылғы 28-29 мамырда Абай университеті өкілдері Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің 45 жылдығына орай Нүкіс қаласында өткен мерейтойлық іс-шараларға қатысты.

 

Іс-шара барысында «Қарақалпақ мемлекеттік университетінің Қарақалпақстандағы жоғары білім мен ғылымды дамытудағы рөлі: кеше, бүгін, ертең» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, сонымен қатар, біздің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі екіжақты кездесулер өтті. Кездесу қорытындылары бойынша неғұрлым тығыз ғылыми-білім беру байланыстарын орнату және осы негізде бірлескен ғылыми зерттеулерді жоспарлау, бірлескен екі дипломды бағдарламаларды іске асыру, лекциялар, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, бірлескен мәдени-ағарту жұмысы және т. б. шешімдер қабылданып, Қарақалпақстанның аймақтық БАҚ-ға сұхбаттар берілді.

 

Аталған іс-шараға Беларусь, Ресей, Малайзиядан келген шетелдік университеттердің өкілдері қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=