қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.05.2022

Докторанттың есептік жеке концерті

 

2022 жылдың 23 мамырында Өнер, мәдениет және спорт институты «8D01402-Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты Кулданов Наурыздың «Көктемгі экспромт» есептік жеке концерті өтті. Докторанттың ғылыми жетекшісі - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдатырылған профессор С.Т. Балагазова. Фортепиано партиясын орындаушы педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Е. Ибраева.

 

Концертте итальян, орыс және қазақ композиторларының шығармалары, сондай-ақ қазақ халық әндері шырқалды. Концерт докторанттың вокалдық-әншілік дағдыларын, вокалдық шеберліктің әдістемелік аспектілерін дамытуға арналған диссертациялық зерттеу нәтижелерінің шығармашылық іске асыру шеңберінде дайындалған.

 

Сондай-ақ, көрермендермен тыңдаушыларға түрлі ұлттық вокалдық мектептер жайлы, шығармалардың тарихы, стилистикалық, жанрлық ерекшеліктері, эмоционалды-образдық мазмұны бойынша теориялық мәліметтер ұсынылды. Сонымен бірге, концертке PhD аға оқытушы Н.С. Бекмолдинов қатысып, ол баян аспабында әлемдік музыкалық классиканың танымал туындыларын асқан шеберлікпен орындады.

 

Концерт соңында өнер, мәдениет және спорт институты директорының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Кәрім Байгутов және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы өз әсерлерімен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=