қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.05.2022

Ашық есік күні

 

2022 жылғы 15 мамырда Жаратылыстану және география институтының маркетинг бөлімінің ұйымдастыруымен орта мектептердің 10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында Ашық есік күні өтті.

 

Қатысушылар - Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары мен ата-аналары, мұғалімдері.

 

Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова бітіруші түлектердің алдында сөз сөйледі. Маркетинг бөлімінің жауапты тұлғалары Ерлан Бірталаев, Жанар Жақсибаева институт мамандықтары, талапкерлерге берілетін жеңілдіктер және қабылдау комиссияға тапсырылатын құжаттар туралы ақпараттар берді.

 

Аталған іс-шарада оқушылар көптеген сұрақтарына жауап алып, оқуға түсу, оқу барысында студенттерге жасалатын жеілдіктер туралы толық ақпараттар алды. Дискуссия, қызу пікірталастан кейін мектеп оқушылары Абай музейіне барып тамашалады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=