қазақша · русский · english
 
 
 
12.10.2023

Д.А.Қонаевтың мемориалдық мұражай-пәтеріне экскурсия

 

2023 жылдың 11 қазанында Жаратылыстану және география институтының география және экология кафедрасы «Туристік-экскурсиялық менеджмент» минор бағдарламасының аясында Бекен А.Н., Сейлхан А.С., Аширбаева А.Т. оқытушылардың ұйымдастыруымен «6B02109 - «Хореография», «6В01703 - Екі шет тілі» және «6B02302 - Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттеріне «Экскурсияны басқару» пәні бойынша Алматы қаласындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мемориалдық мұражай-пәтеріне экскурсия өткізілді.


Экскурсия барысында студенттер ұлы тұлғаның өмірбаянымен, еліміздің тарихына,сонымен қатар көркейуіне сіңірген еңбегіне көз жүгіртіп, жұмыстары жайлы ақпараттар алып, ол кісінің тұрған үйімен, күнделікті тұрмысымен және сол пәтерде өмір сүрген уақытымен танысты. Бұндай экскурсиялар студенттердің ұлттық сана сезімін, білімге деген құлшынысын оятады деген ойдамыз.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу