қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2023

Тұрақты даму мақсаттары бойынша олимпиада

 

2023 жылғы 3 сәуірде Жаратылыстану және география институтында Тұрақты даму мақсаттары бойынша институт магистранттары арасында олимпиада өткізілді. «Ғылым онкүндігі-2023» аясында өткізілген олимпиаданың негізгі мақсаты Тұрақты даму мақсаттары тұрғысынан магистранттардың геоэкологиялық құзыреттілігін арттыру болып табылады.

Міндеттері - дарынды жастарды анықтау және ғылыми-зерттеу қызметі үшін кадрлық ресурстарды қалыптастыру; экологиялық білімді танымал ету, магистрлерді даярлау сапасын арттыру, тұрақты дамуды басқаруға қызығушылықты арттыру; талантты және дарынды ғалымдарды іріктеу және қолдау; Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруды қолдау.

 

Олимпиадаға 6 команда қатысты. Үш турдың қорытындысы бойынша «7М01510-Химия» мамандығының «Сигнал» командасы (команда капитаны Елемес Динара) жеңіске жетті, олар 1-ші турда («Тұрақты ойла: ТДМ оңай, егер ..») ТДМ-12 (Жауапты тұтыну және өндіріс) жетудің ең қолжетімді жолдарын ұсынды. Ал 2-ші турда (ТДМ -1 бойынша CASE STUDY) Қазақстанның ауылдық аудандары контекстінде ТДМ 1-ге (кедейлікті жою) қол жеткізуге бағытталған жобалық ұсыныс әзірледі. Ұсыныс кедейлік пен теңсіздікті азайтуға және маргиналды қауымдастықтарды қолдауға және тұрақты өмір сүруді қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, инклюзивті экономикалық өсуге ықпал етуге бағытталған.

 

2-ші орынды «7М01515-География» - «Green Dream» (капитан Жолбосынов Руслан) және «7М01513-Биология» - «Inbio» (капитаны Скендирова Мәншүк) мамандықтарының командалары бөлісті. 3-ші орынды «7М01513-Биология» - «Biolike» (капитаны Есенбекова Қаракөз), «7М01510-Химия» - «Genius» (капитаны Битуреева Жазира) және «7М01515-География» - «Global» (капитаны Нұрқасым Сымбат) мамандықтарының командалары иеленді.

 

Олимпиада қорытындысы бойынша кейстерді егжей-тегжейлі талдауды география және экология кафедрасының меңгерушісі Д.Алиаскаров жүргізді. Сонымен қатар атысушыларды Стратегия департаментінің директоры Э. Тәттібаева, институт директоры Қ. Қаймулдинова және профессор Б. Әбдіманапов бағалады.

 

Олимпиаданы Жаратылыстану және география институты директорының ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Қ. Мұздыбаева ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті және институт магистранттарының креативтілігін, ғылыми көзқарасын және экологиялық менталитетін дамытуға ықпал етті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу