қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2020

«COVID-19 жағдайындағы туризм» онлайн-дәрісі


2020 жылдың 3 желтоқсанында «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандықтарының студенттері үшін «Covid-19 жағдайындағы туризм» тақырыбында онлайн-дәріс өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар Жаратылыстану және география институтының оқытушысы Расул Кудебаев және білім бағдарламасының жетекшісі Думан Алиасқаров. Шақырылған қонақ - «Kazakh Tourism» ҰК АҚ туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры Даниель Сержанұлы Қазақстанның туристік нарығындағы жағдай жайлы, пандемия кезінде қандай жобалар әзірленгені туралы айтып берді (онлайн портал tourismonline.kz), болашақта студенттердің зерттеулеріне пайдалы ресурстармен бөлісті.

Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, туристік саланың болашақ дамуы туралы өз пікірлерімен бөлісті және конференцияға туризмдегі ұлттық компания өкілінің қатысқанына риза болды. Кездесу 1 сағатқа созылды, студенттермен кездесу нәтижесінде Сержанұлы Даниель болашақ жоспарларымен бөлісіп, студенттерге өз саласында үлкен маман болып өсуге тілек білдірді.

 




Кері оралу