қазақша · русский · english
   
03.12.2019

Алматы облысы мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныбы

 

   

 

2019 жылдың 25-29 қарашасы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-да п.ғ.д., профессор Оразбаева Фаузия Шәмсиқызының 70 жылдық мерейтойы аясында «Оразбаева апталығы» өтті. Апталықта «Ф.Оразбаева мектебінің» шәкірттері «Профессор Фаузия Оразбаева тағылымы: тұлға қалыптастырудағы 4К моделі» атты жүйелі шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. 


28 қараша күні Филология және көптілді білім беру инcтитуты Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Айтжамал Рауандина «Тіл үйретуде сөйлесім әрекетінің түрлеріне қатысты тапсырмаларды дайындау жолдары» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныбына Алматы облысының мектеп мұғалімдері қатысты. 

 

   

 

   

 

   




Кері оралу